loader image
Зейнетақымен қамсыздандыру

АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"

1.1. Зейнетақы жүйелерінің түрлері

Дүниежүзілік тәжірибеде қаржыландыру қағидаты бойынша зейнетақы жүйелерінің екі дәстүрлі түрі: үлестіруші және жинақтаушы зейнетақы жүйелері ажыратылады. Үлестіруші зейнетақы жүйесінде зей-неткерлерге арналған төлемдер жұмыс істейтіндердің ағымдағы табыстары (бюджетке түсетін ағымдағы салық түсімдері) есебінен төленеді. Ал жинақтаушы жүйеде жұмыс істейтіндердің төлейтін жарналары егде жастағыларға төлем ретінде жұмсалмайды, олар жинақталып инвестицияланады, кейін сол инвестициялаудан алынған табыстармен бірге кезінде жарналарын жинақтаған тұлғаларды зейнетақымен қамсыздандыру үшін пайдаланылады.

Өзінде жинақтаушы және үлестіруші зейнетақы жүйелерінің элементтерін қамтитын, бірқатар елде қолданылып жүрген шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін ерекше атап өткен жөн. Бұл ретте қатысушылар зейнетақы алу құқығын зейнетақы жүйесіне жарна аудару арқылы алады. Түскен жарналар мен олардың сомаларының есебі жеке жүргізіледі және зейнеткерлік жасына жеткен кезде, қатысушының шартты жинақталған зейнетақы капиталы аннуитеттік төлемдерге айналады.

Зейнетақымен қамсыздандыру

Зейнетақы жүйелерін қолданудың халықаралық тәжірибесіне шолу мемлекеттердің зейнетақы жүйелерінің тек бір түрін сирек қолданатынын көрсетті, негізінен жүйелердің дәстүрлі түрлерінің әртүрлі үйлесімдері, тіпті “гибридтері” кездеседі. Соңғылары жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамсыздандыруға септігін тигізеді, орнын ауыстырудың неғұрлым жоғары коэффициентін қамтамасыз етіп, бір компоненттің кемшіліктерін басқасының артықшылықтары есебінен басуға мүмкіндік береді.

Зейнетақымен қамсыздандыру

Әлемнің 80-нен астам елінде зейнетақы реформаларын өткізу үдерісіне қатысқан Дүниежүзілік Банктің сарапшылары сәйкес жағдайда нақты жинақтаушы және үлестіруші құрамдас бөліктерден құралатын зейнетақымен қамсыздандырудың көп компонентті жүйелерінің артықшылықтарын мойындайды.

АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"

1.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі

Қазақстанның қолданыстағы зейнетақы жүйесі көп құрамдауышты болып табылады. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы 1998 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында бірінші болып зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалады. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап зейнетақы реформасына дейін Қазақстанда Кеңес Одағынан мұра болып қалған ортақ зейнетақы жүйесі қолданылып келді. Мұндай жүйенің басты қағидаты – ұрпақ ынтымақтастығы, яғни жұмыс істейтіндер зейнеткерлерді қамтамасыз етеді.

Дегенмен Одақ күйреген соң, жаңа мемлекеттің экономикалық жағдайына байланысты, зейнетақы жүйе-сінің ортақ үлгісінің көрсеткіштері нашарлап кетті. Ол кездері елімізде тұрмысқа қажетті алғашқы өнімдер тапшы болды, кәсіпорындар мен өндірістердің басым бөлігі жабылды, халық айлап жалақы көрген жоқ, жұмыссыздар саны күннен-күнге өсіп отырды. 1992 жылы елді гиперинфляция дүрліктірді, оның көлемі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2 960,8%-ды құрады. Ол тек 1995 жылға қарай ауыздықталды, бұл кездері инфляцияның көлемі 60,3%-ды құрады. Сонымен қатар, бұрынғы КСРО республика-ларының басым бөлігінде, соның ішінде Қазақстанда да зейнеткерлер санының өсуі жағдайында бала туудың қысқаруы байқалды. Бұл құбылыстың салдары бүгінге дейін сезіліп келеді, және келешекте қазіргі жастардың ата-аналарының буынында бала туудың күрт азаюына байланысты кезекті құлдыраудың туындауы байқалатын демографиялық жаңғырықтың екінші толқынында да сезіле бермек. Дегенмен, қазіргі бала туу коэффициентте-рі сақталған жағдайда, құлдырау азырақ байқалуы мүмкін.

Зейнетақымен қамсыздандыру

Бұл себептер қолданыстағы зейнетақымен қамсыз-дандыру жүйесін өзгерту: ұрпақ ынтымақтастығына негізделген үлестіруші әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп көшу қажеттілігін тудырды. 2018 жылы Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы атап өтілді, демек жүйе қалыптасу жолының тең жартысы еңсерді. Жалпы қалыптасқан ұғым бойынша, жүйенің толық циклі, оған ең болмаса бір ұрпақ қатыса алуы үшін, 40 жылды құрауы тиіс.

Қазіргі жағдайда зейнетақы төлемдерінің қаржы көздерін әртараптандыру қағидаты (жүйеде зейнетақы төлемдерінің бірнеше көзі болған кезде) қазақстандық зейнетақы жүйесіне қаржылық тұрғыдан тұрақты болып қалуға және зейнетақы табысының неғұрлым жоғары деңгейін қамсыздандыруға мүмкіндік береді.

Зейнетақының төлем көздері
Зейнетақымен қамсыздандыру

Зейнетақымен қамсыздандырудың іргетасы – бұл салық төлемдері есебінен бюджетке қаржыландырылатын базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдері. Екінші деңгей қызметкерлердің міндетті 10% жарналарын және жұмыс берушілердің зиянды жағдайда еңбек ететін қызметкерлерінің табысынан 5% көлеміндегі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қамтиды. Ал үшінші деңгей ерікті зейнетақы жарналарынан құралады.

АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"

1.3. 2018 жылғы жиынтық зейнетақы

Екінші және үшінші деңгейлер жинақтаушы болып табылады және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында қалыптасады. Дегенмен 2018 жылғы 11 қазаннан бастап екінші деңгейдегі төлем зейнет жасына келгенде бірінші деңгеймен қоса “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясының тұрғылықты мекенжай бойынша бөлімшелерінде (Халыққа қызмет көрсету орталығы – ХҚКО) ресімделеді. I және II топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленген жағдайда, салымшы екінші деңгейлі төлемдерді алу үшін БЖЗҚ-на жүгінуі тиіс. Үшінші деңгейлі төлемдер де БЖЗҚ-да ресімделеді. Барлық деңгейлер ескерілген жиынтық зейнетақы төмендегідей болады:

Пенсионное обеспечение

Базалық зейнетақы

+

Пенсионное обеспечение

Ортақ зейнетақы

+

Пенсионное обеспечение

Міндетті жарналар есебінен жинақтаушы зейнетақы

+

Пенсионное обеспечение

Ерікті жарналар есебінен жинақтаушы зейнетақы

Зейнетақымен қамсыздандыру

Базалық зейнетақыны зейнет жасына толған барлық зейнеткерлердің алуына болады, бірақ оның көлемі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Мәселен, жалпы еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54%-ды құрайды (2018 жылы – 15 274 теңге), 10 жылдан астам еңбек өтілінің әр жылына арналған базалық зейнетақының көлемі 100%-дық белгіге жеткенше, 2%-ға көтеріліп тұрады.

Ортақ зейнетақыны 1998 жылға дейін кем дегенде жарты жыл еңбек өтілі бар азаматтардың алуына болады. Оның көлемі еңбек өтіліне де, еңбекақы көлеміне де байланысты. Есептеген кезде қызметкердің 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысындағы үзілістерге қарамастан, кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысы ескеріледі, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін орташа айлық табыс көлемі БЖЗҚ-на міндетті зейнетақы жарналарын аударуға негіз болған табысқа сәйкес белгіленеді. Зейнетақының ең жоғары мөлшері орташа айлық табыстың 75%-нан аспауы тиіс, оның жоғарғы шегі 46 айлық есептік көрсеткішпен шектеледі (2018 жылы – 110 630 тг).

БЖЗҚ-ның жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті жарналар есебінен құрылған жинақтардан зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын төленеді. Бірақ жинақтар сомасы 12 ең төмен зейнетақы сомасынан аспайтын болса (2018 жылы – 404 940 тг), онда төлем бір жолғы төлеммен жасалады. Ай сайынғы зейнетақы төлемінің көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54%-дан төмен болмауы тиіс және ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген (02.10.2013 ж. № 1042, 09.10.2018 ж. Жағдай бойынша өзгертулері мен толықтыруларын қоса) Зейнетақы төлемдерінің көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады:

ЖИНАҚТАР СОМАСЫ + КОЭФФИЦИЕНТ ÷ 12

Зейнетақымен қамсыздандыру

Азамат зейнеткерлікке шықпай тұрып қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері БЖЗҚ-да оның жинақтаған барлық зейнетақы жинақтарын заңнамада белгілен-ген тәртіпке сәйкес толық көлемде алады, мемлекеттік бюджеттегі зейнетақы мұраға қалдырылмайды.

Төрайымының алғысөзі

2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма жылдығын атап өтті. Жүйенің толық циклінің “пісіп жетілуі” үшін, салымшылардың ең болмаса бір буыны өзінің бүкіл еңбек қызметі бойына тұрақты зейнетақы жарналарын аударып отыруы үшін кем дегенде 40 жылдай уақыт керек екен.

Қосылыңыздар

Закрыть меню